Ақ халатты абзал жандарға МЫҢ АЛҒЫС!


 

Ақ халатты абзал жандарға МЫҢ АЛҒЫС! Аудан әкімі Д.Ермағанбетов көктем мезгілінің алғашқы мерекесі алғыс айту күніне орай аудандық ауруханаға барып,барша аурухана ұжымын мерекемен құттықтады.Дәрігер деген-ең ұлы әрі қастерлі мамандық.Бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы осынау маңызды мамандық иелерінің көмегіне мұқтаж болып,соларға сенім артуда.Себебі,жер жаhанды жайлаған коронавирус дерті күннен күнге үдеп,сан мыңдаған адамның тағдырын жалмаған қауіпті дертке айналып үлгерді.Осы қарусыз майданда алдыңғы шепте арпалысып,адам жанының арашашысы болып жүргендердің еңбегі орасан зор екені ақиқат.Ал бүкіл әлем халқының үрейін алып,сан мыңдаған тағдырды жалмаған осынау алапат дерттен әлемді тазарту жолында,халқымыздың денсаулығын сақтау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген барша ақ желеңді абзал жандарға аудан әкімі Д.Ермағанбетов зор алғысын жеткізді.Өңір басшысының мерекелік алғысына аурухана қызметкерлеріде шынайы алғысын білдірді.