Әйтеке би аудандық ауруханасында ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалды
Әйтеке би аудандық ауруханасында ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалды.Аудандық аурухананың барлық бөлімшелерінде қызметкерлер,басшылар,емделушілер жиылып тікелей көрсетілімді қарады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қатысып,Қазақстан халқына жолдау жасады.Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.