“Дәрігер - мамандықтың асылы”


✨ Медицина қызметкерлері күні

🔹 12 маусым күні Әйтеке би аудандық мәдениет үйінде аудандық аурухананың ұйымдастыруымен “Медицина қызметкерлері күніне” орай мерекелік іс шара өткізілді.

🔸Шарада аудан әкімі Д.Тоғызбаев, мәслихат депутаты Б.Сейілханов құттықтау сөз сөйлеп, медицина қызметкерлерін марапаттады.

🔹 Аудан ардагері А.Ермағанбетов өзінің ыстық лебізін айтып, мейрімді жүрек иелеріне өлең шумақтарын арнады.

🔸Мерекеде ақ халатты абзал жандарға мерекелік көңіл - күй сыйлап, саз мектебінің ұстаздары мен оқушылары “Дәрігер - мамандықтың асылы” тақырыбында өз өнерлерін көрсетіп көрерменді тәнті етті.

✅Аудандық аурухана басшысы Жайлыбаев Ж.Е әріптестерін мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар табыстады.