МЕЙІРГЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
📆 2025 жылғы 12 мамыр күні, Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холлда Қазақстандағы ДДСҰ елдік кеңсесінің қолдауымен, Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы және Ақтөбе облысының мейірбикелер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Мейірбикелік іс және өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы: заманауи тәжірибелер мен өзекті мәселелер» атты республикалық конференция сәтті өтті.
✨Осы шарада Әйтеке би аудандық ауруханасының мейірбикелері марапатталды:
1. “Мейірімді жан” төс белгі-Уксикбаева Баян Идирисовна емхана аға мейірбикесі
2. “Қызыл ай” қоғамының Алғыс хаты-Мукыжанова Венера Абдижаппаровна зертханашы
3. “Облыс әкімінің алғыс хаты”-Изекешова Светлана Орынгалиевна 2 жалпы тәжірибелі мейірбике
4. Облыс маслихатының алғыс хаты-Айдаубаева Динара Мамановна акушерка
5.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының “Қамқор” Ақтөбе облысының денсаулық сақтау кәсіподақ бірлестігінен Алғыс хаты-Айдаралина Карылгаш Жолбасыновна 3 жалпы тәжірибелі мейірбике
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының “Қамқор” Ақтөбе облысының денсаулық сақтау кәсіподақ бірлестігінен Алғыс хаты-Амантаева Эльвира Амангельдиновна Жабасақ МП жалпы тәжірибелі мейірбике
Барша мейірбикелерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Ұжым атынан зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз!✨
✨Құрметпен, Аудандық аурухана ұжымы.✨