Ақтөбеде ақ халатты абзал жандарға құрмет!


🧑🏻⚕️🎉 Ақтөбеде ақ халатты абзал жандарға құрмет!

📍 Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

🔹 Шара барысында облыстың денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері айтылып, дәрігерлердің ел алдындағы еңбегі ерекше аталды.

🗣️ Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров:

«Сіздердің әр күніңіз — адам өмірін сақтап, үміт пен сенім сыйлауға арналған. Бұл — үлкен жүрек пен жауапкершілік талап ететін мамандық», – деп жылы лебізін білдірді.

🏅 Шарада:
• «Ерен еңбегі» медалі
• «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі
• Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

🌟 Қуанышты жаңалық!
Әйтеке би аудандық ауруханасының басшысының әдістемелік ұйымдастыру жөніндегі орынбасары
Тулегенова Гульжанат Аскаровна
“Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды! 🎖️

💐 Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Сіздер – денсаулық сақтаудың алтын діңгегісіздер!