8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 2022 жылдың



8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 2022 жылдың 3 наурызында Әйтеке би аудандық ауруханасының ат залында медицина қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын өткізілді.Салтанатты шараға мейірім мен шапағатты,ізгілік пен ұлағатты бойына жинаған аяулы аналар,өмірдің мәні мен сәні-әсем арулар жиналды.Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Нажмадинов Нұрбол Болатұлы қатысты.Аурухананың бас дәрігері Жайлыбаев Жамбул Ертаевич барлық әйелдерді мерекесімен құттықтап,шынайы алғысын білдірді.Шара барысында аудандық аурухананың ішкі медицина қызметкерлері Салова Орысгул мен Жұмажанова Бақтыгүл аудан әкімнің бағалы сыйлығымен марапатталады.Мерекеге орай барлық мереке иелеріне бағалы сыйлықтар беріліп,соңы мерекелік концертке ұласты.