Әйтеке би аудандық ауруханасының ұйымдастырумен медицина қызметкерлері күніне орай аудан аралық медицина қызметкерлері арасындағы волейбол жарысы өткізілді
✨17.05.2025ж күні Әйтеке би аудандық ауруханасының ұйымдастырумен медицина қызметкерлері күніне орай аудан аралық медицина қызметкерлері арасындағы волейбол жарысы өткізілді.
✨Спорттық шараның алғашқы құттықтау сөзін Әйтеке би ауданының әкімінің орынбасары Түкібаев Талғанбек Еркінұлына және аудандық аурухананың басшысы Жайлыбаев Жамбыл Ертайұлына берілді.
✨Жарыс ережесімен бас төреші Даукенов Нұрым таныстырды.
✨Жарысқа Әйтеке би, Ырғыз, Қарғалы және Хромтау аудандарының ауруханаларынан құралған командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар жоғары деңгейде дайындықпен келіп, спорттық шеберліктері мен командалық үйлесімділіктерін көрсете білді.
✨Жарыс тартысты өтті, әр команда жеңіске жету жолында бар күшін салды.
✨Нәтижесінде жүлделі орындарға ие болып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды:
Бас жүлде Хромтау аудандық ауруханасы
1-орын Әйтеке би аудандық ауруханасы
2-орын Қарғалы аудандық ауруханасы
3-орын Ырғыз аудандық ауруханасы
✨Бұл шара — спорт арқылы ынтымақты арттырып, медицина саласының қызметкерлерін бірлікке, белсенді өмір салтына үндейтін маңызды бастама болды.
✨Шара соңында жарысты ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, осындай спорттық кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.